Айқын Төлепберген - Тілек
Трек

Тілек

Тыңдау
Жүктеп
4
Ән мәтін
Ән мәтін: Бірде келер байлық, билік дегенде.
Бірде кетер тайып, тартып төменге,
Қайғырмашы уайымдап, өзіңді өзің дайындап.
Моймашы сынаққа, шын бақытқа бөленде.

Байқамайсын кейде қонған бақытты,
Бағаламай қолдағы ризық нәсіпті.
Тастамашы досыңды, қашып кетпе амал қып,
Дұшпаныңа қалама ешқашанда жамандық.

Елдің тірегі,
Елдің ақ тілегі,
Тілегі даридаридай даридай

Жастық шақта лаулап досым жалында,
Басқа түссе жоқшылықтан тарынба.
Алдаумен арбаумен мақтанбашы байлыққа,
Имандылықпен қол ұшын бер бауырға.

Сүрінбеші жалғап өмірдің көшін,
Қуанып жүр көтеріп көңілдің көшін.
Жаратқан ием қолдасын, жарылқай берсін,
Адалдықтың ақ туын құлатпа досым...

Елдің тірегі,
Елдің ақ тілегі,
Тілегі даридаридай даридай
Біздің сайттан Айқын Төлепберген – Тілек әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Тілек» әні Айқын Төлепберген орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама