Карина Абдуллина & 1oco - Сен мұңыңды бер маған
Трек

Сен мұңыңды бер маған

Тыңдау
Жүктеп
40
Ән мәтін
Ән мәтін: Мюзикола – Сен мұңыңды бер маған

Жұлдыздарды жолдарыңа жайдын көк,
Мұңы аз ба, кайғысы мол, айдын көп,
Сен өнердiң адамысың, ақынсын,
Содан болар қуаныштан қайғың көп.

Тұлпарлардай зулап өмiр ағады,
Түн мұңайып жұлдыз жанар жанады,
Бұл өмiрде ғашық іңкәр болдым мен,
Сол бiр ақын жүрегiне жаралы.

Қайырмасы:
Жүрегiңнiң мұң-жарасын бер маған,
Жанарыңның мұң-наласын бер маған,
Бал күндердi мен сыйлайын ансаған,
Бақытымды айырбастап кайғыңа,
Махаббатты әнге арнайын мен саған.

Күн шуағын төгiп шашқан ашық көк,
Мен өзiңдi ұнатамын асық боп,
Сенiң мұңды жырларына қосылып,
Домбыранды жырлатайын ғашық боп.

Жанарыңның тұнғиығы тереңде,
Домбыраңмен әсем сазды бер елге.
Айырбастап алсам сенiң мұңыңды,
Бақытты жан болмас деймiн менен де.

Қайырмасы:
Жүрегiңнiң мұң-жарасын бер маған,
Жанарыңның мұң-наласын бер маған,
Бал күндердi мен сыйлайын ансаған,
Бақытымды айырбастап кайғыңа,
Махаббатты әнге арнайын мен саған.
Біздің сайттан Карина Абдуллина & 1oco – Сен мұңыңды бер маған әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Сен мұңыңды бер маған» әні Карина Абдуллина & 1oco орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама