Kazybek Kuraiysh - Махаббат деген қандайды
Трек

Махаббат деген қандайды

Тыңдау
Жүктеп
14
Ән мәтін
Ән мәтін: Махаббат деген қандайды,
Қарасаң көзің талмайды.
Сағынған жанға жете алмай
Қаншама гүлдер, қаншама гүлдер сарғайды.

Ғашықсыз өмір өмір ме?
Егілме, жаным, егілме,
Көктегі күнге қол созған
Не дерсің мынау, не дерсің мынау көңілге?!
Күлерсің дағы жыларсың
Жыларсың дағы шыдарсың

Жазылмас дерттің дауасын
Жаным-ау, кімнен, жаным-ау кімнен сұрарсың?

Махаббат – өмір ғажабы,
Алқызыл гүлдей ажары.
«Сүйемін» деген жалғыз сөз
Жүректі тербеп, жаныңды емдеп жазады.

Ғашықсыз өмір өмір ме?
Егілме, жаным, егілме,
Көктегі күнге қол созған
Не дерсің мынау, не дерсің мынау көңілге?!
Күлерсің дағы жыларсың
Жыларсың дағы шыдарсың
Жазылмас дерттің дауасын
Жаным-ау, кімнен, жаным-ау кімнен сұрарсың?
Біздің сайттан Kazybek Kuraiysh – Махаббат деген қандайды әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Махаббат деген қандайды» әні Kazybek Kuraiysh орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама