Kazybek Kuraiysh - Senimenen
Трек

Senimenen

Тыңдау
Жүктеп
107
Ән мәтін
Ән мәтін: Жаныма менің сен едің ауадайын керек еткен.
Тағдырмен кезде ерегескен
Табыла қалған сен емес пе ең?
Бар ғажайыбын өмірдің сенсіз, сірә, елемес те ем
Қалғанда шамым болып өшпек
Жанымда болған сен емес пе ең?
Сеніменен ғана
Шынайылығын өмірдің сезіне алам
Сеніменен ғана
Сан түрлі түске боялып кетердей ғалам
Жабырқау кейде көңілдің құрағына түсіретін
Кездер келгенде күрсінетін
Өзіңсің мені түсінетін
Күн сайын биік қияға жетелейтін күшім едің
Әр алған демім ішімдегі
Келеді сенің үшін дегім
Сеніменен ғана
Шынайылығын өмірдің сезіне алам
Сеніменен ғана
Сан түрлі түске боялып кетердей ғалам
Сеніменен ғана
Шынайылығын өмірдің сезіне алам
Сеніменен ғана
Сан түрлі түске боялып кетердей ғалам
Жаныма менің сен едің ауадайын керек еткен
Тағдырмен кезде ерегескен
Табыла қалған сен емес пе ең?
Біздің сайттан Kazybek Kuraiysh – Senimenen әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Senimenen» әні Kazybek Kuraiysh орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама