Досымжан Таңатаров - Дүнген қызы
Трек

Дүнген қызы

Тыңдау
Жүктеп
823
Ән мәтін
Ән мәтін: Түндей тұнық көздеріңнің қарасы,
Қосылардай қастарыңның арасы.
Жалт қарасам, жалын атқан ақ жүзің
Алаулайды атқан таңмен таласып.

Қайырмасы:
Қиял қанша ертеді елес,
Дүнген қызы, арманым.
Кез боп келсем ертелі-кеш,
Сенен көзді алмадым.
Өзгені емес, өзіңді ойлап жүдедім,
Түсінер деп бір қазақтың жүрегін. Сырғалы!

Кімге болсын сүйкімді бір баласың,
Көңілімді баурап алып барасың.
Гүлге орайсың, күнге орайсың жылда сен
Елге жаннат ерке Талас даласын.

Қайырмасы.

Сені ойлаумен артта суық қыс қалды,
Сені ойлаумен жазғы ұзақ күн қысқарды.
Бақыт жайлы әнді бірге шырқайсың
Қонақтатып қойып бауға құстарды.
Біздің сайттан Досымжан Таңатаров – Дүнген қызы әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Дүнген қызы » әні Досымжан Таңатаров орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама