Досымжан Таңатаров - Дүнген қызы
Досымжан Таңатаров - Дүнген қызы
Слушать
803
Текст песни
Текст песни: Түндей тұнық көздеріңнің қарасы,
Қосылардай қастарыңның арасы.
Жалт қарасам, жалын атқан ақ жүзің
Алаулайды атқан таңмен таласып.

Қайырмасы:
Қиял қанша ертеді елес,
Дүнген қызы, арманым.
Кез боп келсем ертелі-кеш,
Сенен көзді алмадым.
Өзгені емес, өзіңді ойлап жүдедім,
Түсінер деп бір қазақтың жүрегін. Сырғалы!

Кімге болсын сүйкімді бір баласың,
Көңілімді баурап алып барасың.
Гүлге орайсың, күнге орайсың жылда сен
Елге жаннат ерке Талас даласын.

Қайырмасы.

Сені ойлаумен артта суық қыс қалды,
Сені ойлаумен жазғы ұзақ күн қысқарды.
Бақыт жайлы әнді бірге шырқайсың
Қонақтатып қойып бауға құстарды.
Song cover Song cover

Текущий плейлист