IL'HAN - Oqiga
Трек

Oqiga

Тыңдау
Жүктеп
8
Ән мәтін
Ән мәтін: Куәсі болдым сәтсіз біткен романның
Түсіндім жаман екен зары адамның
Сендерге бір оқиға айтып берейін
Айтпасам бітеліп қалардай көмейім

Бір жігіт бар еді алыстан таныған
Сырласып қалып ек жарылды ағынан
Сүйгені болыпты боз бала шағынан
Жүзігі салынған, сырғасы тағылған

Серт беріп бір-бірін сүйем деп мәңгілік
Жүргенде сән құрып әр сәтті ән қылып
Тойына бірер ай қалғанда сүйгені
Жазылмас ауруға қалыпты шалдығып

Сенбейді сонда да тағдырға көнеді
Соңғы рет құшақтап көз жасын төгеді
Содан соң амалсыз сүйгенін көмеді

Ақылынан адасардай жынды болып
Өз-өзіне сыя алмады
Жігіт болып тұрса да жылай берді, жылай берді
Көздің жасын тыя алмады
Мұңайғанда сүйгеніне ең ұнатқан гүл шоқтарын
Жұп санды қып жиі арнады
Одан кейін ол ешқашан ешкімді, ешкімді де
Сүйе алмады
Оны қимады
Біздің сайттан IL'HAN – Oqiga әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Oqiga» әні IL'HAN орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама