Kazybek Kuraiysh - Seni Izdep
Трек

Seni Izdep

Тыңдау
Жүктеп
55
Ән мәтін
Ән мәтін: 1. Жүрегіміз жақын, алыс арамыз тек
Топ адам көрсем, сені қалам іздеп
Әлі журіп келемін, әлім құрып,
Жол соңында жолығып қаламыз деп

Тыныштықтың сыйлары күдік қана
Сенерім бұлыңғыр бір уміт қана
Біраз жылдар өтіпті , өкінішті
Сені тек аңсауменен журіп қана

2. Түсінбейді көбісі , түсінемін,
Сынаған мені бұлай күші ненің ?
Сені ойлап, кей-кейде бөртіп денем,
Жылы күнде біртүрлі үсінемін

Сұр бұлт, сұр адамдар, сұр айналам,
Несіне көрінеді бұлай маған?
Диірменінде өмірдің дәрмені жоқ ,
Дөңгелек бір секілді шыр айналам...
Біздің сайттан Kazybek Kuraiysh – Seni Izdep әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Seni Izdep» әні Kazybek Kuraiysh орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама