Sadraddin - Suraq
Трек

Suraq

Слушать
Скачать
20
Текст песни
Текст песни: Ойларым ойларыма байланып
Сол оймен жердің бетін айналып
Күн сайын батар кезде ұйқыға
Өмірмен сұрақ-жауап ойнадық

Айтшы, өмір, қайда кетіп барамын?
Қай жерден жауабымды табамын?
Мен оған қанша сұрақ қойсам да
Өмірдің өзі білмейді жауабын

Шынымен Жаратқан көмегіне жүгінем
Отбасы қамын ойлап түнімен
Тоқтамай әрекет етем күнімен
Күн-түнімен, күн-түнімен

Сұрақ толы кеудемде
Жауабы жоқ сұрақтар маза бермеуде
Сұрақ толы бір бөлме
Жауап іздеп бір пенде

Сұрақ салды әуреге
Іздеп тауып жауапты
Келдім тәубеге
Бірақ қазір әлде де
Жетпейді екен ештеңе жарық сәулеңе

Мен де күнде мың оймен оянам
Тірі жан болған соң, тірі адам
Жатарда сұрақ мазалаған
Есеп беріп өзімнен ұялам

Өзіммен сөйлесем қарап айнаға
Сұрақ көп, жауап аз мына санада
Айнадағы адамнан жауап сұрасам
Жауапсыз айна да

Шынымен Жаратқан көмегіне жүгінем
Отбасы қамын ойлап түнімен
Тоқтамай әрекет етем күнімен
Күн-түнімен, күн-түнімен

Сұрақ толы кеудемде
Жауабы жоқ сұрақтар маза бермеуде
Сұрақ толы бір бөлме
Жауап іздеп бір пенде

Сұрақ салды әуреге
Іздеп тауып жауапты
Келдім тәубеге
Бірақ қазір әлде де
Жетпейді екен ештеңе жарық сәулеңе
У нас вы можете скачать песню Sadraddin – Suraq в формате MP3 на телефон или компьютер, а также слушать онлайн бесплатно. Трек "Suraq" исполнителя Sadraddin доступен в хорошем качестве. На странице вы можете прослушать композицию онлайн и открыть другие песни этого артиста.
Song cover Song cover

Текущий плейлист