Төреғали Төреәлі - Пайда
Трек

Пайда

Тыңдау
Жүктеп
111
Ән мәтін
Ән мәтін: Бастық адамды әкім қалайды, Сазгер адамды ақын қалайды. Біреуге сенің септігің тисін, Себепсіз ешкім жақындамайды. Қарасаң ағаң, көкең де дара, Бермейсің олай бөтенге баға. Адаммен адам араласады, Қажеттілігін өтеуге ғана. Қымбат достықты қалаған бұрын Тіршілік деп жүр әр адам бүгін. Алыс адамдар жақындап жатса, Пайдаларына жарағандығың. Бақытқа қарай бастағандарды Басқаға байлап тастаған мәңгі. Жаманның бағын Жаратқан ашар, Себепкер қылып жақсы адамдарды. Сараңға сынақ төтеннен ерсе, Көпшілікпенен көтерген еңсе. Адал досыңмен бір атқа мінгес, Есегі судан өтем дегенше. Сырласа бермей санаңмен ғана, Ақылдасып қой далаңмен дана. Пендеден пенде айнығанменен, Адамның күні адаммен ғана!
Біздің сайттан Төреғали Төреәлі – Пайда әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Пайда» әні Төреғали Төреәлі орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама