Төреғали Төреәлі & Мөлдір Әуелбекова - Сен болмасаң (2017)
Текст песни
Текст песни: Сен болмасаң бұл жалған
Күнде уайым, күнде арман
Айналайын, гүлiм бол
Жүрегiмдi бiр жарған

Сен болмасаң серiгiм
Аялайды менi кiм
Ертелi кеш сен жаққа
Елеңдейдi көңiлiм

Сен болмасаң тiрегiм
Кiмге жылап күлемiн
Жүрегiмде тiлегiм
Алақанда жүрегiм

Сенсiз мынау жалғанда
Өтер ме едiм арманда
Елжiрейсiң, балқисың
Мен әнiме салғанда

Сен арқылы жарығым
Бақытымды таныдым
Екеумiзге бiр ғұмыр
Бере көршi Таңiрiм

Сен болмасаң тiрегiм
Кiмге жылап күлемiн
Жүрегiмде тiлегiм
Алақанда жүрегiм

Сен болмасаң аяулым
Кiмге құшақ жаярмын
Сағынышты сазыңмен
Жүрегiмнен жай алдың

Сен болмасаң жанымда
Жайқалмайды бағым да
Менiң ғазиз тағдырым
Сенiң ғана қолыңда
У нас вы можете скачать песню Төреғали Төреәлі & Мөлдір Әуелбекова – Сен болмасаң (2017) в формате MP3 на телефон или компьютер, а также слушать онлайн бесплатно. Трек "Сен болмасаң (2017)" исполнителя Төреғали Төреәлі & Мөлдір Әуелбекова доступен в хорошем качестве. На странице вы можете прослушать композицию онлайн и открыть другие песни этого артиста.

Популярные исполнители

Популярные сборники

Популярные альбомы

Song cover Song cover

Текущий плейлист